Accessibility links

Молдова басшысы: Днестр маңы аймағынан Ресей күштері шығарылуы тиіс


Молдова президенті міндетін уақытша атқарып отырған Михай Гимпу Мәскеуді жікшілдік Днестр маңы аймағынан Ресей күштерін шығаруға шақырды.

Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гимпу бұл туралы президент Дмитрий Медведевтің арнайы кеңесшісі Сергей Нарышкинмен Молдова астанасында өткізген келіссөзінен кейін айтқан. Молдова ақпарат агенттігінің мәліметінше, Гимпу мен Медведев Днестр маңы аймағының мәселесін қазан айында ТМД елдері басшыларының саммитінде талқыламақ.

1990 жылы Молдовадан тәуелсіздігін жариялаған орыс тілді Днестр маңы аймағында Ресейдің мыңға жуық сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG