Accessibility links

Сарбаздардың ауызсумен улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды


Қазақстанның әскери пркуратурасы әскери қызметшілердің ауызсудан жаппай улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлады осы мекеменің баспасөз қызметі.

Прокуратураның Жамбыл облысындағы Гвардейский қалашығындағы 21450 әскери бөлімінде жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық тексерудің барысында, ауызсуға жарамсыз суды пайдаланған 34 әскери қызметші «күрделі энтероколит» диагнозымен ауруханаға түскендігі анықталған. Әскери прокуратура әскери бөлімнің медициналық қызмет бастығына қатысты «өз қызметіне салақ қараған» деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысы бас әскери прокуратураның бақылауына алынды.
XS
SM
MD
LG