Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 12 бейбіт тұрғын қаза тапты


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар қаласындағы бомба жарылысы кемінде 12 бейбіт тұрғынның өмірін әкетті.

Аймақтық үкімет өкілінің айтуынша, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар. Ол бұл шабуылға талибан содырларын айыптап отыр, бірақ талибандар өздері шабуылға қатысты мәлімдеме жасамады.

2001 жылы АҚШ бастаған күштер Ауғанстандағы талибан билігін құлатқаннан бері, талибан бүлікшілерінің шабуылы толастамай отыр.
XS
SM
MD
LG