Accessibility links

Чехия президенті Лиссабон келісіміне қол қойды


Чехия президенті Вацлав Клаус сейсенбі күні ЕуроОдақтың Лиссабон келісіміне қол қойғанын мәлімдеді.

Оның алдында Чехияның конституциялық соты ЕуроОдақтың Лиссабон келісімі елдің конституциясына қайшы келмейді деген шешім шығарған болатын. Еуропа Одағының жетекшілері Чехия сотының бұл шешімін құптап қарсы алды.

Чехия Еуропа Одағына мүше 27 ел арасында Лиссабон келісімін бекітпей отырған жалғыз ғана мемлекет болған-ды.

ЕуроОдақтағы шешім шығару үдерісін тездетуге бағытталған бұл құжат осы жылдың аяғына дейін өз күшіне енуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG