Accessibility links

Мәскеу полициясы қырғыз мигрантын өлтірді деген екі күдіктіні ұстады


Ресейдің Мәскеу облысындағы полиция қырғызстандық еңбек мигрантын өлтірді деп күдіктелген екі адам қамауға алынды деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.

Күдіктілердің Адам өлтірген деп күдіктелгендердің бірі 21 жаста болса, екінші 22 жасар. Мәскеудің Рамен ауданында ұсталған екеу сейсенбі күні 40 жасар қырғызды өлтіріп, Рябхоз қаласына жақын жердегі орманға тастап кеткен деп айыпталып отыр.

Ресейдегі Қырғызстан елшісі Раимкул Аттокуров өткен аптада қырғызстандықтарға қарсы шабуыл Ресейде жиі орын алатынына алаңдаушылық танытты. Қазан айында екі қырғызстандық жасты Мәскеуде біреулер өлтіріп кеткен.

Қырғызстандағы жұмыссыздыққа байланысты Ресей аймағында жүзмыңдаған қырғыз мигранты жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG