Accessibility links

Өзбекстан: Театр директорының өліміне қатысты үш адам ұсталды


Өзбекстан ресмилерінің айтуынша, 2007 жылы қастандық құрбаны болған театр директорының өліміне қатысты деген күдікпен үш адам тұтқынға алынды.

Associated Press агенттігіне үкіметтік Адам құқын қорғау комитетінің өкілі Марат Захидовтың хабарлауынша, күдіктілер өздерінің Марк Вейлді өз қойылымында мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда айтылғандарды дұрыс емес етіп көрсеткені үшін өлтірдік деген.

Захидов төртінші күдікті қашып кетті деген, ал олардың қайда қамалып отырғаны туралы ештеңе айтпады.

Ташкенттің Илхом театрын құрған әрі оның директоры Вейлді үйіне қайтып бара жатқанда, 2007 жылдың қыркүйек айында біреулер өлтіріп кеткен.
XS
SM
MD
LG