Accessibility links

МАГАТЭ Иранды сынаған қарар қабылдады


БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі уран байыту жұмыстарын құпия түрде дамытып отыр деп Иранды сынаған қарар қабылдады.

Және ол құжат Теһранның ол жобаларын тезарада тоқтатуын талап етеді. Бұл МАГАТЭ-нің төрт жылда бірінші рет Иранды айыптаған қарар қабылдауы болып отыр.

Дипломаттардың айтуынша, МАГАТЭ-нің 35 мүшесінің 27-сі қарарды қолдап дауыс берген. Үшеуі қарсы дауыс беріп, алтауы қалыс қалған. Бұл қарарды әлемнің алты алпауыт елі дайындаған.

Олар АҚШ, Британия, Ресей, Франция, Қытай мен Германия Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қатысқан елдер.
XS
SM
MD
LG