Бүгін Алматыда қазақтың опера әншісі Бибігүл Төлегенованың 80 жасқа толуына орай салтанатты кеш өтеді.
Бибігүл Төлегенова 1967 жылы КСРО халық әртісі атағына ие болды, кейін КСРО мемлекеттің сыйлығының лауреаты атанды, ал 1991 жылы 21 желтоқсанда КСРО тарихындағы ең соңғы социалистік еңбек ері атағымен марапатталды.
Бибігүл Төлегенова сазгер Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және Ғазиз Жұбановтың «Еңлік-Кебек» операларында басты партияларды, Джузеппе Вердидің «Травиата» және «Риголетто» операларында Виолетта мен Джильда партияларын, Римский-Корсаковтың «Снегурочка» операсында және басқа да шығармаларда басты партияларды шебер орындауымен көпшілікке әйгілі болды.
ЮНЕСКО-ның шешімімен, Бибігүл Төлегенова ХХ ғасырдың ең көрнекті жиырма әйелі қатарына енді.