Accessibility links

Қырғызстанда Алматыда өлтірілген журналисті жерлейді


Бүгін Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында Геннадий Павлюкті жерлеу рәсімі өтеді деп хабарлады Азаттық радиосы. Бұған дейін марқұмның денесі Қырғызстанға Алматыдан жеткізілген болатын.

Павлюк Алматыдағы ауруханалардың бірінде сейсенбі күні таңертең аса ауыр жарақаттың салдарынан ес жимастан көз жұмды. Қырғыз журналисі 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG