Accessibility links

ШЫҰ-ның террорға қарсы комитетін қазақстандық басқарады


Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы құрылымының аймақтық комитетін басқаруға Қазақстаннан Жеңісбек Жұманбеков тағайындалды. Оның бұл қызметке тағайындалғаны туралы мәлімет бейсенбі күні жарияланды.

54 жасар Жұманбеков 1995-97 жылдары Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып, комитеттің басқа да құрылымдарына жетекшілік еткен. Сондай-ақ Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші өкілі болған.

Соңғы жылдары ШЫҰ-ның террорға қарсы комитеті директорының орынбасары болды. Оның бұл қызметіне қырғызстандық Мырзахан Субанов келді.
XS
SM
MD
LG