Accessibility links

Чилидегі зілзала құрбандарының саны өсуде


Соңғы түскен мәліметтерге қарағанда, Чилидегі қуатты жерсілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге жетті. Ел президенті Мишель Бачелет елдің бірқатар аймақтарында апатты жағдай жариялап, адамдарды дүрбелеңге түспеуге шақырды.

Құтқарушылардың айтуынша, құрбан болғандар саны тағы өсуі мүмкін. Чили жағалауларында рихтер бағамы бойынша 8,8 қуатында болған жерсілкінісі орталық аудандардағы көптеген үйлерді құлатып кетті. Ел астанасы Сантьяго мен Консепсьон қалаларында телефон байланысы үзіліп, электр желісі бұзылған.

Күші қатты болған жерсілкінісі Чили жағалауындағы цунами туғызып, сейсмологтардың айтуынша, оның апатты салдары болуы мүмкін. Тынық мұхитындағы жерсілкінісінің ошағында қатты толқындар көтерілген.
XS
SM
MD
LG