Чилидегі жойқын жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 795-ке жетті. Бұл туралы ел президенті Мишель Бачелет сейсенбі күні зілзаладан қатты зардап шеккен Курико қаласында мәлімдеді.
Құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккен аудандарға ауыз су мен азық-түлік жетіспей жатқандығы туралы хабарланды. Консепсьон қаласында тонаушылықпен күресу үшін 18 сағаттық коменданттық уақыт енгізілді, көшедегі тәртіпті әскер қадағалайды.
Сейсенбі күні Чилиге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон барды. Мемлекеттік хатшы бұл елдің басшылығымен зілзала зардаптарын жою мәселесін талқылады.