Қырғызстанның Нарын қаласында 3 мыңға жуық адам шеруге шығып, президент Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максимді мемлекеттік агенттік басшысы қызметінен кетіріп, елден шығаруды талап етті деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.
32 жастағы Максим Бәкиев қарашаның 2-де Даму және инвестициялар бойынша орталық агенттіктің басшысы етіп тағайындалған болатын.
Наразылық танытушылар егер Максим Бәкиев елден наурыздың 16-на дейін елден кетпесе, жаппай шерулер ұйымдастыратынын айтып отыр. Олардың мәлімдеуінше, Бәкиев жетекшілігіндегі агенттік билікті асыра пайдаланған және елдің минералды ресурстарын жекешелендіруде бірқатар қателіктер жасаған.