Accessibility links

Карзай шетелдік сайлау бақылаушыларына рұқсат берді


Ауғанстан президенті өзінің бұрынғы шешімін өзгертіп, алдағы парламенттік сайлауларды бақылау комиссиясына екі шетелдік бақылаушыны енгізуге келісті.

Бұл туралы Хамид Карзайдың өкілі Вахид Омар журналистерге хабарлай келе, президент Карзай кейбір шетелдік бақылаушыларды қабылдауға келісті, өйткені ауған елі демократияға қарай өтпелі кезеңде деді.

Алайда бақылаушы кеңесті әлі де ауғандықтар басқаруы керек деген ол. Оның бұл мәлімдемесі өткен жылғы президенттік сайлаулардағы бұрмалаушылықтарды болдырмауға шақырған қысымдар аясында айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG