БҰҰ-ның телекоммуникация бойынша мекемесі (ITU) Иранды бірқатар шетелдік телекомпанияның хабарларын жер серігі арқылы таратуға электрондық бөгет қоюын немесе «тұншықтыруын» доғаруға шақырды.
Аталған мекеменің жұма күнгі осы мәлімдемесінде Иран үкіметін телехабарларға бөгет қояды деп тікелей айыптамайды, бірақ электрондық бөгет жасайтын құралдардың Иран жерінде орналасқанын атап көрсетеді.
Оның алдында АҚШ пен ЕуроОдақ және бірқатар халықаралық ұйым телехабарларға бөгет жасауды ақпарат бостандығының принципін өрескел бұзу деп ресми Теһранды өткір сынаған болатын.
Ең алдымен Би-Би-Си мен «Америка дауысының» Иранға парсы тілінде беретін хабарларына электрондық бөгет жасалуда.