Accessibility links

Бакиев Қырғызстанға президент ретінде бармайтынын айтты


Биліктен қуылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиев еліне президент болып оралу ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Бірақ Бакиев өзінің отставкасын мойындамайтынын қайталап айтты. Бұл туралы ол жұма күні Минскіде өткізген баспасөз маслихатында хабарлады.

"Мен өз отставкамды мойындамаймын себебі уақытша үкімет уәделерін орындамады. Бірақ Қырғызстанға президент ретінде оралу ниетім жоқ", - деді Бакиев.

Бакиев Қырғызстандағы толқулардан кейін Қазақстанға, одан кейін Минскіге ұшып кеткен болатын. Елде құрылған уақытша үкімет 80-нен аса адамның өмірін қиған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Бакиев сотқа тартылуы тиіс деп отыр.
XS
SM
MD
LG