Accessibility links

Таиландта шерушілердің басшылары полицияға берілді


Орталық Бангкокта үкімет күштері наразылық танытушылардың лагеріне шабуылдаған соң шерушілердің 4 жетекшісі бүгін полицияға берілді. Таиланд армиясының баспасөз хатшысы Сансерн Каекамнердтің хабарлауынша, Бангкоктағы жағдай бақылауға алынған.

"Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 1345-те біз наразылық танытушыларға қысым жасадық. Осыдан кейін олардың жетекшілері, террористер, шерулерін тоқтатып, полицияға берілді. Жалпы жағдай бақылауға алынды", - деді Каекамнерд.

Бірақ ел астанасының басқа да аудандарында зорлық-зомбылық жалғасып жатыр. Наразылық танытушылар бірнеше ғимаратқа өрт қойды.

Таиланд күштері Бангкок орталығындағы әскери операциясын тоқтатқандығын хабарлады. Сәрсенбі күнгі зорлық-зомбылық әрекеттерінен кемінде 3 наразылық танытушы мен италияндық фотограф қаза болды.
XS
SM
MD
LG