МҰНАЙШЫЛАР ӘЛІ ДЕ ЖАУАП КҮТЕДІ
Маусымның 2-сі күні «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» өндіру басқармаларының бір топ мұнайшысы бас қосып, жиналыс өткізді. Олар өздерінің бұған дейін мамырдың 14-інде «Қазмұнайгаз» БӨ компаниясы бас директоры Кенжебек Ибрашевтың атына жолдаған хаттарына ешкімнің жауап бермегенін айтады. Оның орынына «Ембімұнайгаз» директоры Ізтұрған Баймұхановтан хабар алдық дейді. Филиал басшысы хатты мұнайшылар белсенділері Прорва кеніші мұнайшылары Асылхан Мусин мен Дүйсен Алмұратовқа бағыттапты.
Онда «Ембімұнайгаз» директоры Ізтұрған Баймұханов өзінің 2-10 маусым аралығында Астанада іс-сапарда болатындықтан мұнайшылардан кездесуді маусымның 10-ына қалдыруды өтінген.
Дегенмен, өз талаптарын шешуге Баймұхановтың қауқары жоқ деп санаған мұнайшылар Кенжебек Ибрашевтің өтініштеріне құлақ аспауын қарапайым жұмысшыларды менсінбеу деп бағалайтындықтарын айтады.
– Біз маусымның 2-сінде Ибрашев мырза келеді, сөзімізді жерге тастамайды деп күткен едік. Енді маусымның 10-ы күні кешкі сағат 18.00-ге дейін жауап күтеміз. Ал бізді тағы өзекке тепсе, маусымның 11-інен бастап наразылық акциясын бастауға құқығымыз бар деп санаймыз. Бұл туралы құқық қорғау орындарына да ресми ескерту жасамақпыз, – деп хабарлады Асылхан Мусин.
Мұны растаған «Жайықмұнайгаз» өндіру басқармасының машинисі Мәлік Сабыров наразылық акциясына қатысу әр мұнайшының өз еркімен қабылданған шешім екенін мәлімдеді.
– Мәселен, қазір «Жайықмұнайгаздағы» қарсылық білдірушілер саны 400-ге жетіп отыр. Алдымен, қағаз жүзінде талап етуден шаршамаймыз. Бірақ мұнайшы мұңына құлақ аспаса, аштық бола ма, басқа да әрекеттерге баруға мәжбүрміз, – деді ол.
«Шығыс Мақат» кенішінің жүргізушісі Сағытжан Досымов өзі жұмыс істейтін «Доссормұнайгазда» жұмысшылар жағдайын шешетін жанашыр адамды кәсіподаққа сайлау қамы басталып кеткенін айтты. Олар ресми кәсіподаққа наразылықтарын қағаз жүзінде жазып та қойыпты.
Прорва кенішінің жөндеушісі Болат Сақиев бітімгершілік комиссиясына сайланған мұнайшылардың ұжымның сенім артқан өкілдері екендігін ескертті.
– «Жылыоймұнайгаздың» барлық жұмысшылары бірдей жүгіруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан «Жылыоймұнайгаздан» үш адамды өкіл еттік. Макс Боқаевты да өзіміз өтініш жасап сенімді өкіл сайладыќ. Ендеше, олардың барлығының мұнайшылар атынан сөйлеуге толық құқы бар. Біз оны растай аламыз, – деді Болат Сақиев.
Естеріңізге сала кетсек, «Ембімұнайгаз» ӨФ қарамағындағы үш басқарма мұнайшылары мамырдың 14-і күні Атырау қаласындағы үйлердің бірінде өздері баспасөз мәслихаты деп атаған жиын өткізген еді. Сол жолы олар өздерінің еңбекақы мөлшері мен төлеу жүйесіне байланысты талаптарын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру" АҚ-қа жолдаған еді. Мұнайшылар алдымен бұл талаптарды акционерлік қоғамның директорлар кеңесінде талқылап, содан соң маусымның 2-сінде Атырауға мұнайшылармен бетпе-бет жүздесуді ұсынған болатын. Егер салалық және аймақтық коэффициенттерді төлеу, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі арыздарына құлақ аспаса, өндірісті тоқтатып, ереуілге шығатындарын айтқан болатын.
Алайда «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясының жұртшылықпен байланыс менеджері Дәулет Жұмаділ сол кезде ешқандай хаттың келмегенін айтқан еді.
«БІЗ ЗАҢДЫ САЙЛАНҒАН КӘСІПОДАҚПЕН ҒАНА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ»
Бұдан бөлек, «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ маусымның 2-сі күні Азаттық тілшісімен арнайы хабарласып, мұнайшылардың сенімді өкілі саналып жүрген "Макс Боқаев жұртшылықты алдап, біздің компаниямыздың атына кір келітіріп отыр" деп айыптады.
Бұған себеп «Арлан» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Макс Боқаевтың бірқатар республикалық басылымдарға сұхбат беріп, мұнайшылардың еңбекақыға байланысты наразылығы мен талабы туралы мәлімдемелерін жариялауы болып отыр.
Дәулет Жұмаділдің айтуынша, мұнайшылардың талап - хатынсыз-ақ компания басышылығы заңды түрде сайланған кәсіподақтарменбірлесіп 70 пайыздық аймақтық коэффициентті және 1,8 мөлшеріндегі салалық коэффициентті енгізуді қарастырып отыр. Бұл мєселелердің нақты шешімі жақын күнде белгілі болады. Сондықтан жалақысы өсіп, жағдайы жақсарған мұнайшы ереуілге шығады деген қисынға жатпайды дейді ол.
– «Ембімұнайгаз» ӨФ басшылығы Макс Боқаев пен хат авторларынан еңбек ұжымы позициясына қайшы келетін әрекетті тоқтатуды талап етеді. Ал еңбекке қатысты барлық мәселелер ұжымның заңды өкілі, филиал кәсіподағы төрағасы Мұрат Нысанбаев басқаратын кәсіподақтың қатысуымен шешілуі тиіс. Қазір еңбекақының жаңа жүйесін "Ембімұнайгаз" мұнайшыларының 80 пайызы қолдап отыр, – деді Дәулет Жұмаділ.
Бұған қоса Дәулет Жұмаділ мұнайшылардың мамырдың 14-інде жіберген талап арызының қолджарына тигенін растады. Бірақ мұнайшылардың Ибрашевтың Атырауға келуін талап етуі қисынсыз деп санайды. Оның айтуынша, "Ембімұнайгаз" директоры Ізтұрған Баймұхановтың қолында өз өндірісіндегі жағдайды реттеуге құзіреті бар.
– Ал мұнайшылардың «Ембімұнайгаз» кәсіподағына көңілі толмаса, президиум сайлап, дауыс беріп, журналистерді жинап өз кәсіподағын сайлап алуға қақысы бар. Біз заңды жолмен кәсіподақтармен ғана жұмыс істейміз, – деген Дәулет Жұмаділ пікірлерін ашық түрде білдіргендердің қудалауға ұшырамайтындығын айтып уәде береді.
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БЕЛСЕНДІНІҢ ҚОЛ ТЕЛЕФОНЫН ТАРТЫП АЛДЫ
Алайда мұнайшылар белсенділері өздерінің маусымның 1-інен бастап құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартыла бастағандарын хабарлап отыр. Мәселен, «Жылыоймұнайгаз» өндіру басқармасы мұнайшысы Асылхан Мусин мен мұнайшылардың сенімді өкілі Макс Боқаевты маусымның 2-сінде қалалық прокуратура шақыртылған.
– Маусымның 2-сі күні жұмысты тоқтатамыз деп жариялаған талабымызға байланысты өзін Балтабек деп таныстырған қалалық прокурордың орынбасары менімен сөйлесіп, әрекетіміздің заңсыз екендігін ескертті, – дейді Асылхан Мусин.
Ал Макс Боқаев өзінің атына «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы тарапынан қалалық прокуратураға шағым түсіп, онда жұмысшыларды заңсыз әрекеттерге итермелеп отырғандықтан, прокурорлық шара ретінде ресми ескерту жасау сұралғанын айтады.
– Мені қалалық прокуратура қызметкері Нұрлан Өмірғалиев шақырып алып, «митинг, шеру, жиналыс өткізудің өз заңы бар, соған сәйкес өткізуіңіз керек» деп ескертті. Бірақ мен ешқандай митинг немесе шеру ұйымдастырайын деп отырғаным жоқ. Мен тек мұнайшылардың қалаулары бойынша оларға заңдық қолдау көрсетіп жүрмін, – дейді Макс Боқаев.
Кейінен Азаттық тілшісіне хабарласқан мұнайшылар белсендісі Асылхан өзін полиция қызметкерлерінің бақылауға алғанын хабарлады.
– Мен қыр соңымнан қалмай жүрген полиция ќызметкерлерін байқап қалып, суретке түсрмек болған едім. Біреуі келіп менің қол телефонымды тартып алып, ішіндегі суреттерді дереу өшіріп тастады. Мен құжатын сұрап едім, маған дөрекілік танытып, қоқан-лоққы жасады, – дейді Асылхан Мусин.
Ендігі өз өмірі мен отбасы үшін алаңдаған Асылхан Мусин прокуратура мен ішкі істер басқармасына шағым түсірді. Мұнайшылар да құқық қорғау органдарынан Асылхан Мусиннің қауіпсіздігін қатамасыз етуді талап етіп отыр.
Сонымен қатар бірқатар аудандардағы «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары арасынын өз пікірлерін ашық айтқандарға да қысым жасалып отырғаны жайлы мәлімет түсуде деп хабарлайды мұнайшылардың сенімді өкілі «Арлан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Макс Боқаев.
Маусымның 2-сі күні «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» өндіру басқармаларының бір топ мұнайшысы бас қосып, жиналыс өткізді. Олар өздерінің бұған дейін мамырдың 14-інде «Қазмұнайгаз» БӨ компаниясы бас директоры Кенжебек Ибрашевтың атына жолдаған хаттарына ешкімнің жауап бермегенін айтады. Оның орынына «Ембімұнайгаз» директоры Ізтұрған Баймұхановтан хабар алдық дейді. Филиал басшысы хатты мұнайшылар белсенділері Прорва кеніші мұнайшылары Асылхан Мусин мен Дүйсен Алмұратовқа бағыттапты.
Онда «Ембімұнайгаз» директоры Ізтұрған Баймұханов өзінің 2-10 маусым аралығында Астанада іс-сапарда болатындықтан мұнайшылардан кездесуді маусымның 10-ына қалдыруды өтінген.
Дегенмен, өз талаптарын шешуге Баймұхановтың қауқары жоқ деп санаған мұнайшылар Кенжебек Ибрашевтің өтініштеріне құлақ аспауын қарапайым жұмысшыларды менсінбеу деп бағалайтындықтарын айтады.
– Біз маусымның 2-сінде Ибрашев мырза келеді, сөзімізді жерге тастамайды деп күткен едік. Енді маусымның 10-ы күні кешкі сағат 18.00-ге дейін жауап күтеміз. Ал бізді тағы өзекке тепсе, маусымның 11-інен бастап наразылық акциясын бастауға құқығымыз бар деп санаймыз. Бұл туралы құқық қорғау орындарына да ресми ескерту жасамақпыз, – деп хабарлады Асылхан Мусин.
Мұны растаған «Жайықмұнайгаз» өндіру басқармасының машинисі Мәлік Сабыров наразылық акциясына қатысу әр мұнайшының өз еркімен қабылданған шешім екенін мәлімдеді.
– Мәселен, қазір «Жайықмұнайгаздағы» қарсылық білдірушілер саны 400-ге жетіп отыр. Алдымен, қағаз жүзінде талап етуден шаршамаймыз. Бірақ мұнайшы мұңына құлақ аспаса, аштық бола ма, басқа да әрекеттерге баруға мәжбүрміз, – деді ол.
«Шығыс Мақат» кенішінің жүргізушісі Сағытжан Досымов өзі жұмыс істейтін «Доссормұнайгазда» жұмысшылар жағдайын шешетін жанашыр адамды кәсіподаққа сайлау қамы басталып кеткенін айтты. Олар ресми кәсіподаққа наразылықтарын қағаз жүзінде жазып та қойыпты.
Прорва кенішінің жөндеушісі Болат Сақиев бітімгершілік комиссиясына сайланған мұнайшылардың ұжымның сенім артқан өкілдері екендігін ескертті.
– «Жылыоймұнайгаздың» барлық жұмысшылары бірдей жүгіруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан «Жылыоймұнайгаздан» үш адамды өкіл еттік. Макс Боқаевты да өзіміз өтініш жасап сенімді өкіл сайладыќ. Ендеше, олардың барлығының мұнайшылар атынан сөйлеуге толық құқы бар. Біз оны растай аламыз, – деді Болат Сақиев.
Естеріңізге сала кетсек, «Ембімұнайгаз» ӨФ қарамағындағы үш басқарма мұнайшылары мамырдың 14-і күні Атырау қаласындағы үйлердің бірінде өздері баспасөз мәслихаты деп атаған жиын өткізген еді. Сол жолы олар өздерінің еңбекақы мөлшері мен төлеу жүйесіне байланысты талаптарын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру" АҚ-қа жолдаған еді. Мұнайшылар алдымен бұл талаптарды акционерлік қоғамның директорлар кеңесінде талқылап, содан соң маусымның 2-сінде Атырауға мұнайшылармен бетпе-бет жүздесуді ұсынған болатын. Егер салалық және аймақтық коэффициенттерді төлеу, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі арыздарына құлақ аспаса, өндірісті тоқтатып, ереуілге шығатындарын айтқан болатын.
Алайда «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясының жұртшылықпен байланыс менеджері Дәулет Жұмаділ сол кезде ешқандай хаттың келмегенін айтқан еді.
«БІЗ ЗАҢДЫ САЙЛАНҒАН КӘСІПОДАҚПЕН ҒАНА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ»
Бұдан бөлек, «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ маусымның 2-сі күні Азаттық тілшісімен арнайы хабарласып, мұнайшылардың сенімді өкілі саналып жүрген "Макс Боқаев жұртшылықты алдап, біздің компаниямыздың атына кір келітіріп отыр" деп айыптады.
Бұған себеп «Арлан» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Макс Боқаевтың бірқатар республикалық басылымдарға сұхбат беріп, мұнайшылардың еңбекақыға байланысты наразылығы мен талабы туралы мәлімдемелерін жариялауы болып отыр.
Дәулет Жұмаділдің айтуынша, мұнайшылардың талап - хатынсыз-ақ компания басышылығы заңды түрде сайланған кәсіподақтармен
Дәулет Жұмаділ мұнайшылардың мамырдың 14-інде жіберген талап арызының қолдарына тигенін растады.