Accessibility links

Түркия күрд сепаратистеріне шабуылдады


Дүйсенбі күні Түркияның әскери ұшақтары Ирақтың солтүстігіндегі күрд сепаратистерінің базаларына шабуылдады. Күрдістан жұмысшылары партиясының баспасөз хатшысы мен жергілікті ресми өкілдер Арбил өлкесінің Сидах ауданындағы әуе шабуылдарын растады. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

Осыдан бір апта бұрын күрд бүлікшілері 12 түрік сарбазын өлтірген соң Түркия Күрдістан жұмысшылары партиясына қарсы шабуылдарын күшейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG