Accessibility links

Пхеньян: АҚШ азаматы түрмеде өзіне қол салмақ болыпты


Ресми Пхеньян мәлімдегендей, «елге заңсыз келді» деген айыппен Солтүстік Кореяда 8 жылдық жазасын түрмеде өтеп жатқан америкалық Айхалон Гомес өзіне өзі қол салмақшы болыпты.

Корея баспасөзінің хабарлауынша, «өзінің кінәсін терең сезінген және өзін босату үшін ештеңе істемеген АҚШ үкіметіне қапаланған Гомес өзін-өзі өлтірмек болды».

Бұл хабар БҰҰ-да Солтүстік Кореяның көрші Оңтүстік Кореяның «Чхонан» кемесін шабуылдап суға батыруына сын айтылатын қарардың АҚШ ұсынған жобасын дауысқа салуға бірнеше сағат қалғанда шықты.

Ресми Вашингтон Пхеньянға Айхалон Гоместі босату туралы бірнеше өтініш жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG