Accessibility links

Халықаралық донорлар Қырғызстанға 1,1 миллиард доллар бөледі


Халықаралық донорлар Қырғызстанға көмек ретінде 1,1 миллиард доллар бөлуге келісті. Бұл туралы Қырғызстан билігі хабарлады.

Бішкекте сейсенбі күні Қырғызстанға шұғыл көмек беру мәселелері туралы конференция болып өтті. Республика билігі донор елдер мен қаржы институттарынан жаздағы ұлтаралық қақтығыстардан кейін республиканы қалпына келтіру жұмыстарын қолдауды сұрап отыр.

Қырғызстан қаржы министрі Чоробек Имашевтің айтуынша, ел экономикасын қалпына келтіру мен республика оңтүстігінде гуманитарлық мәселелерді шешу үшін биыл бір миллиард доллардан астам қаражат қажет.

Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад облыстарында маусым айындағы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG