Accessibility links

Обама Иранды тез арада 3 АҚШ азаматын босатуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Иран билігін осыдан тура бір жыл бұрын қамауға алынған үш америкалық саяхатшыларды босатуға шақырды.

Обаманың мәлімдемесінде, Теһран ұстап отырған үш жас ешқашан АҚШ үкіметімен жұмыс істеген емес, олардың қылмысы жоқ, Иран үкіметімен текетіреске бармаған деп айтылған. Обама Иран Ирақпен шекарасы маңында АҚШ саяхатшыларын заңсыз ұстап, халықаралық адам құқықтары конвенциясын бұзып отыр деді.

Жұма күні адам құқықтарын қорғаушы топтар да олардың босатылуын сұрап, мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG