Accessibility links

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін атап өтіп жатыр


Бүгін Ресей алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін атап өтіп жатыр. Осыған сәйкес заңға президент Дмитрий Медведев қол қойды. Мерекелік шара Сахалинде басталды. Онда соғыста оққа ұшқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, әскери шеру өтті.

Жапонияның капитуляция туралы актіге қол қойған күн - 2 қыркүйектің - әлемнің көптеген елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыстың, оның ішінде Тынық мұхиттағы соғыс пен совет-жапон соғысының аяқталған күні ретінде аталып өтіледі.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Германияның Польшаға жасаған шабуылынан басталып, 1945 жылдың 2 қыркүйегінде аяқталған.

Соғысқа ондаған мемлекет қатысып, 50 миллионға жуық адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG