Accessibility links

Владикавказда наразылық акциясы өтіп жатыр


Солтүстік Осетия астанасы Владикавказда жүздеген адам осы сәтте наразылық шарасын өткізіп жатыр. Олар, жергілікті биліктен тұрғындар қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуін талап етуде.

Жиналғандар қала көшелерінде полиция жасағын көбейтіп, көрші мемлекеттермен арадағы шекарадағы бақылауды күшейтуді талап етіп отыр. Одан өзге, құқыққорғау органдарындағы жемқорлыққа қарсы шара қолданып, Бесланда болған терактті объективті тергеуге шақырып отыр. 2004 жылы1- қыркүйекте террористер Бесландағы мектепті жаулап алып, операция кезінде жүздеген адам көз жұмған еді.

Жиналғандар алдына елдің ішкі істер министрінің орынбасары Сослан Сикоев шықты. Екі жақ қандай мәмілеге келгендігі жайлы әзірге ақпарат түскен жоқ.

9 қыркүйекте Владикавказ орталық базарында жарылыс болып, 17 адам қаза тапты. 200-ге жуығы жарақат алған еді.
XS
SM
MD
LG