Accessibility links

Сот шешімімен 15 қытай азаматы Қазақстаннан шығарылды


Ақтөбенің әкімшілік сотының шешімімен 15 қытай азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап BNews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақпарат бойынша қытай азаматтары Ақтөбе облысына бірнеше ай бұрын келген. Осы уақыт ішінде олар Ақтөбеде “Чжун-те” компаниясының кеңсесіне салған. Бірақ олар құжат бойынша бастық және аудармашылар болып тіркелген. Олардың Ақтөбе облысының аумағында еңбек етуіне рұхсат беретін құжаттары болмаған.

“Барлығы 31 қытайлық азамат ұсталды. Қалған 16 шетелдікті ел аумағынан шығару туралы құжат қазір сотта жатыр. Олар да ел аумағынан аластатылатын болады”,- делінген ақпаратта.
XS
SM
MD
LG