Accessibility links

AREVA мен «ҚазАтомӨнеркәсібі» бірлескен кәсіпорын құрады


Қазақстан президентінің Францияға ресми сапары барысында Парижде француздардың AREVA компаниясы мен «ҚазАтомӨнеркәсібі» арасында ядролық отын құрамаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. Ол туралы қазақ ұлттық атом компаниясының баспасөз-қызметі хабарлады.

51% «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық компаниясының, 49% AREVA-ның үлесінде болатын жаңа бірлескен кәсіпорын Өскемендегі зауытта AREVA жобасы негізінде отын құрамаларын шығаратын жаңа өндірісті іске қосады.

Қуаты жылына 400 тонна құрайтын жаңа зауыт жоба бойынша 2014 жылы ашылуға тиіс.

Қазақ атом компаниясының басқарма төрағасы Владимир Школьник мәлімдегендей, «ҚазАтомӨнеркәсібі» - толық ядролық отын циклін қамтитын тікелей интеграцияланған компания құру бағдарламасын жүйелі іске асырып келеді, AREVA-мен арада қол қойылған келісім осы стратегияны іске асырудағы кезекті маңызды қадам».
XS
SM
MD
LG