Accessibility links

Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Мәскеуге аттанды


Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ресейге аттанды. Корея түбегіндегі теке-тірестерді жеңілдету мақсатында дипломатиялық әрекеттер жалғасып жатыр.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігініңхабарлауынша, Пак Уй-Чун сенбі күні Мәскеуге ұшып кеткен.

Қарашаның 23-де Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, 4 адамды өлтірді. Бұл оқиға аймақтағы дағдарысты туғызды.

Ресей Пхеньянның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздерге қатысатын алты елдің бірі боп табылады.
XS
SM
MD
LG