Accessibility links

Мысыр астанасында шеру басталды


Мысыр астанасында наразылық танытушылар экономикалық және саяси реформаларды талап етіп, шеру өткізіп жатыр. Тілшілердің айтуынша, Қаир орталығында жүздеген шеруші "Хосни Мубарак кетсін" деп айғайлаған. Мысыр президенті Хосни Мубарак 30 жыл билікте отыр.

Тунистегі көтерілістен жігерленген Мысырдағы оппозициялық топтар халықты жаппай наразылық шарасын өткізуге шақырған болатын. Шеру өткізу туралы науқан интернетте жарнамаланды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Facebook әлеуметтік желісі арқылы 80 мыңнан астам адам шеруге қатысатынын айтқан.

Полиция шерушілер қамауға алынуы мүмкін деп ескертті бірақ тұтқындаулар мен зорлық-зомбылық туралы хабар әзірше келіп түспеді.
XS
SM
MD
LG