Египет президенті Хосни Мүбәрәктың мыңдаған қолдаушысы бүгін Каирдің Тахрир алаңына жиналған наразылық танытушыларға шабуылдады. Египет астанасында Мүбәрәктың биліктен кетуін талап еткен шерулердің жалғасып жатқанына 9 күн болды.
Хабарларға қарағанда, Мүбәрәктың жақтастары мен үкіметке қарсы шерушілер арасында қақтығыстар болып, кемінде 26 адам жарақат алған.
Сейсенбі күні президент Хосни Мүбәрәк биылғы қыркүйекке жоспарланған президенттік сайлауға өзінің түспейтіндігін мәлімдеді. Алайда сәрсенбі күні Каирдің Тахрир алаңына қайтадан жиналған халық билікте 30 жыл отырған Хосни Мүбәрәктің дереу кетуін талап етті.
Египет армиясы наразылық танытушыларды президентке қарсы шерулерін тоқтатуға шақырды.