Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы шабуылдан 3 адам мерт болды


Солтүстік Кавказдағы Кабардин-Балқар аймағында үш турист қаза тауып, екеуі жараланды.

Аймақтық полиция баспасөз хатшысы Максим Ушановтың мәлімдеуінше, сенбі күні Эльбрус тауы жанындағы Баксан курортына бара жатқан туристерге шабуыл жасалған.

Исламшыл "Кавказ әмірлігі" тобының интернеттегі парақшасында "туристер соғыс аумағына кіргені үшін өлтірілді" делінген.
XS
SM
MD
LG