Accessibility links

Қару-жарақ саудасы бойынша АҚШ пен Еуропа ала келеді


2009 жылы АҚШ және Батыс Еуропаның қару-жарақ пен әскери техника өндірушілерінің сауда айналымы 401 миллиард долларды құраған. Стокгольм бейбітішілік институты халықаралық зерттеу ұйымының баяндамасында әлемдегі қару-жарақ шығаратын ең үлкен 100 кәсіпорынның 45-і – АҚШ жерінде, ал 33-і Батыс Еуропада орналасқаны айтылған.

Баяндамада америкалық және еуропалық өндірушілердің әлемдік қару-жарақ саудасындағы үлесі 90 пайыздан асып отырғаны жазылған.

Бұған қоса, 2009 жылғы әлемдік дағдарысқа қарамастан, қару-жарақ саудасы нарығының көлемі алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сегіз пайызға ұлғайыпты.
XS
SM
MD
LG