Accessibility links

Эссанжды Швецияға экстрадициялау туралы сот шешімі шықты


Бүгін Лондондағы сот WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанжды Швецияға экстрадициялау туралы шешім шығарды. Эссанждың адвокаттары сот шешіміне шағымданатындарын мәлімдеді.

Швеция прокурорлары Австралия азаматы Эссанжға "жыныстық қарым-қатынасқа байланысты қылмыс жасады" деген айып тағып, оның экстрадициялануын сұрады. 39 жастағы Эссанж өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

WikiLeaks АҚШ-тың құпия дипломатиялық және әскери мәліметтерін интернетте жариялап, АҚШ үкіметінің ашу-ызасын туғызған болатын.
XS
SM
MD
LG