Accessibility links

Обама қырғыз президентімен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде Қырғызстан президенті Роза Отунбаевамен келіссөз өткізді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Қырғызстанның демократияға өтуіне қолдау білдіріп, бұл елдегі АҚШ базасы үшін Отунбаеваға алғысын жеткізген.

Қырғызстандағы "Манас" әскери базасы АҚШ-тың Ауғанстандағы іс-қимылдарына көмектеседі. Обаманың айтуынша, аталмыш базадағы операцияларға қатысы ашықтықты жақсарту мақсатында АҚШ тиісті шараларды қолға алған.
XS
SM
MD
LG