Ұлыбританияның Йемендегі елшілігі жұмысын тоқтатқан соң, қазір елшілікте тек бірнеше адам қалғаны туралы британ сыртқы істер мекемесінің өкілі мәлімдеді.
Йеменде полиция мен 30 жылдан астам уақыт ел басқарып отырған президенті Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап еткен наразы адамдар арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.
Бірнеше күн бұрын Йеменде төтенше жағдай жарияланып, Конституцияның күші уақытша тоқтатылды, билік шерулер өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік күштеріне адамдарды құқықтық негізсіз қамау алуға рұқсат берді.
Бұған дейін президент Әли Абдулла Салех 2012 жылдың қаңтар айына дейін парламенттік сайлауларды өткізген соң ғана биліктен кететінін мәлімдеген еді. Бірақ Салехтің ұсынысын қабылдамайтынын айтып, оны "кезекті саяси ойын" деп бағалаған оппозиция басшылары халықты жұма күні президент сарайы алдында наразылық шеруін өткізуге шақырды.