Беларусь президенттігіне экс-кандидаттар Виталий Рымашевский мен Владимир Некляев бұған дейін өздеріне шығарылған сот үкіміне шағым түсірді.
Оппозициялық саясаткерлердің екеуіне былтыр Беларусь елінде президент сайлауы өткен желтоқсанның 19-ы күні Минскінің орталығында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған деген айып тағылған болатын.
Сот Владимир Некляевті екі жылға бас бостандығынан айырып, жаза өтеуді екі жылға кейінге шегеру туралы үкім шығарған. Ал Виталий Рымашевский екі жылға шартты жазаға кесілген еді.
Олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деген айыппен президент сайлауына кандидат болып қатысқан тағы үш саясаткер – Андрей Санников, Николай Статкевич пен Дмитрий Усс те сотталды.