Accessibility links

Ақтауда «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларын соттап жатыр


Мұнайшылар Маңғыстау облысы әкімшілігі алдына жиналып тұр. Ақтау қаласы, 2 маусым 2011 жыл.
Мұнайшылар Маңғыстау облысы әкімшілігі алдына жиналып тұр. Ақтау қаласы, 2 маусым 2011 жыл.
Бүгін Ақтауда «Қаражанбасмұнай» компаниясының бір топ жұмысшыларының үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот өтіп жатыр деп хабарлад Азаттық радиосына «Ақтау» тәуелсіз кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мұхтар Үмбетов.

Оның айтуынша, 30 мұнайшыға заңсыз акция ұйымдастырды деген айып тағылған. Қазір «Қаражанбасмұнай» компаниясының жүздеген жұмысшысы автовокзал басына жиналып, өз әріптестеріне соттың қандай шешім шығаратынын күтіп тұр деді Үмбетов.

Мамырдың 5-і күні Ақтауда наразылық танытқан мұнайшылар шеру ұйымдастырып, облыс әкімшілігі ғимараты жанындағы жолды бөгеп тастамақшы болған еді. Полиция келіп, бірнеше адамды тұтқындаған кезде наразылық танытушылардың үшеуі өздерін жаралағаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған.

«Қаражанбас» кеніші мұнайшылары еңбекақы төлем мәселесіне қоса, жұмысшылардың құқығын қорғап жүрген заңгер Наталья Соколованы қамаудан босатып, тәуелсіз кәсіподақ еркіндігіне мүмкіндік беруді талап еткен.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Ақтаудағы наразылық шарасына 150-ге жуық адам қатысқан. 37 адам ұсталып, полиция бекетіне жеткізілген. Мұхтар Үмбетовтың айтуынша, олардың жетеуі сол күні кешке босатылған.
XS
SM
MD
LG