Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей төлемеген қарызы үшін тоқтатып тастаған Беларусь еліне электр қуатын беруді қайта қалпына келтірген.
Ресейдің бірыңғай энергия жүйесіне жетекшілік ететін компания өкілі Антон Назаровтың айтуынша, Беларуське энергия көзін беру Минск 600 миллион рубль қарызын өтеген соң жексенбі күні қайта беріле бастады.
Беларусьтің Ресейге қарызы 21,5 миллион долларды құрады. Беларусь тұтынатын электр қуатының 10 пайызын Ресейден алады. Минск Совет одағы құлағаннан бергі ең жаман қаржы дағдарысын бастан кешіп жатыр.