Accessibility links

Египетте шерушілердің қазасын тексеруді талап етеді


Қарсылық кезінде мерт болған адамдардың суретіне кеудесіне іліп алған әйел. Египет, 8 шілде 2011 жыл.
Қарсылық кезінде мерт болған адамдардың суретіне кеудесіне іліп алған әйел. Египет, 8 шілде 2011 жыл.
Египетте жексенбі, шілденің 10-ы күні өткен қарсылық акциясының соңы шерушілер мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысына ұласты.

Каирде шерушілер Тахрир алаңындағы үкімет үйіне баратын жолды жауып тастады. Олар талаптары орындалмаса, таяу маңдағы мемлекеттік телеарна мен ішкі істер министрлігі ғимаратына да өткізбейтіндерін мәлімдеді.

Суэцте әскер Қызыл теңізге баратын басты көлік жолын жауып тастаған шерушілерді қуып таратты.

Шеруге шыққандар ақпан айында Египет президенті Хосни Мүбәрәкті қызметінен кетірген қарсылық кезінде қаза тапқан жүздеген адамның өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді.

Олар саяси реформаларды жетелдетіп, президенттің билікте қалған жақтастарын кетіруді де талап етеді.
XS
SM
MD
LG