Accessibility links

АҚШ-ты тұтқындарды азаптау жайын тексеруге шақырды


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш (сол жақта) пен қазіргі президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 қаңтар 2010 жыл.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш (сол жақта) пен қазіргі президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 қаңтар 2010 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі өзінен бұрынғы Джордж Буш әкімшілігінің әрекетін тексерсін дейді "Хьюман Райтс Вотч" халықаралық құқық қорғау ұйымы.

Бұл ұйымның айтуынша, бұрынғы әкімшілік тұтқындарды азаптауды мақұлдаған. Құқық қорғаушылардың 11 шілдеде таратқан құжатында АҚШ тұтқындарды азаптау мен қинау оқиғасын тексермеді, сондықтан Азаптауға қарсы халықаралық конвенцияны бұзды делінген.

"Хьюман Райтс Вотч" Джордж Бушқа, АҚШ-тың бұрынғы вице-премьері Дик Чейниге, қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдке және Орталық барлау басқармасы бастығы Джордж Тенетке қарсы тергеу бастауға жетерлік дәлелдері бар екенін айтады.
XS
SM
MD
LG