Accessibility links

Пентагон басшысы бірінші баспасөз мәслихатын өткізді


Америка қорғаныс министрі Леон Панетта үкімет көздеп отырған әскер шығынын айтарлықтай қысқартуды қуаттамайды.

Ол бұл турасында өзінің министр болып тағайындалғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатында айтты. Үкіметтің бюджет тапшылығымен күрес жоспарында әскерге бөлінетін шығынды азайту қарастырылғаны белгілі.

Айтуынша, қорғанысқа бөлінетін қаржыны қысқарту ұлттық қауіпсіздік жүйесіне айтарлықтай шығын келтіреді.

Өткен жылы АҚШ қорғанысқа 700 миллиард доллар бөлген еді. Бұл - кез-келген елдің қорғанысқа бөлінетін қаржысынан әлдеқайда артық.
XS
SM
MD
LG