Сириялық белсенділердің хабарларына қарағанда, президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап еткен онмыңдаған шеруші жұма күні елдің бірқатар аймағында көшеге шықты. Оларға қауіпсіздік күштері оқ жаудырып, Дамаскі маңындағы шеруді көзден жас ағызатын газ қолданып, күшпен таратқан.
Адам құқын қорғаушы топтар жұма күні кемінде 8 адам қаза болғанын айтады. Тағы екеуі Хомс қаласының орталығындағы шеруде мерт болды.
Хабарларға қарағанда, Сирияның бірқатар өңірінде үкіметтік күштер мешіттерді бағып, жұма намаздан шыққан жұрттың шеруге қосылып кетпеуін көздеген. Соңғы күндері Сирия әскері шерушілерге қарсы шараларын күшейтіп, адам шығыны көбейіп барады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бейсенбі күні Ассад режимін 2 мыңнан аса бейбіт шерушінің өмірін қиды деп айыптады.