Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Жапонияға сапармен барады


Жапониядағы цунами туралы "Форин полиси" басылымы жариялаған арнайы кітапша.
Жапониядағы цунами туралы "Форин полиси" басылымы жариялаған арнайы кітапша.
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін Жапонияға барып, ядролық апат болған Фукусима кешенін аралайды. Ол наурыздың 11-дегі зілзала мен цунамиден қираған ядролық кешенге ат басын тірейтін алғашқы шетелдік жетекшілердің бірі.

Ол дүйсенбі күні ядролық апат кезінде аймақтан көшірілген халықпен кездесіп, Жапония премьер-министрі Наото Кан және сыртқы істер министрі Такеаки Матсумотомен келіссөздер өткізеді.

Пан Ги Мун қыркүйек айында БҰҰ Бас ассамблеясында ядролық қауіпсіздік саммитін өткізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG