Жүз мыңдаған израильдіктер елдегі өмір сүру деңгейіне наразылық танытып, Израиль тарихындағы ең үлкен шеруге қатысты.
Наразылық шаралары сенбі күні кешкісін Тель-Авив, Иерусалим, Хаифа және басқа да қалаларда басталған еді. Израиль астанасының өзінде 300 мың адам жиналғаны хабарланды.
7,7 миллион халқы бар Израильдегі үкіметке қарсы шерулерде елдегі қымбатшылыққа наразылық танытылды. Олар елдің байлығын әділетті түрде бөліп, тұрғын үй бағасын, білім алу, азық-түлік және денсаулық сақтау саласын арзандатуды талап етті.