Accessibility links

Кабулда қарулы топтың көзі жойылғаны хабарланды


Тәліптер тобының шабуылы кезіндегі көрініс. Кабул, Ауғанстан, 13 қыркүйек 2011 ж.
Тәліптер тобының шабуылы кезіндегі көрініс. Кабул, Ауғанстан, 13 қыркүйек 2011 ж.
Ауғанстан астанасында үкіметтік және шетелдік мекемелерге шабуыл жасаған қарулы бүлікшілер тобына қарсы халықаралық және ауған күштерінің бірлескен операциясы бүгін аяқталғаны хабарланды.

Кешеден бері бүлікшілер шабуылы мен оларға қарсы операция барысында жиыны 11 адамның қаза тапқаны, ал жаралы болған 20 кісінің алтауы - НАТО әскерилері екендігі айтылып отыр.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тәліптердің Кабулдағы шабуылы Вашингтонды қорқыта алмайды деп мәлімдеді. Тәліптер шабуылын Ауғанстан президенті Хамид Карзай да айыптады.

Сейсенбі күні Кабулда қарулы тәліптер тобы ауған үкіметі мен полиция ғимараттарын, НАТО штабын және АҚШ елшілігін нысанаға алып шабуыл жасаған.

Бұл - соңғы бір айдан аз уақыттың ішінде ауған астанасына тәліптер тарапынан жасалған екінші үлкен шабуыл. Тамыздың ортасында Кабулдағы Британ кеңесі мекемесіне шабуылдан тоғыз адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG