Бүгін Ресейдің Астрахань қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Дмитрий Медведев кездесіп, отын-энергетика кешені, «Байқоңыр» айлағын бірлесе пайдалану, Кеден одағын нығайту және дамыту, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ ықпалдастық бірлестіктері ауқымындағы өзара іс-қимылдар мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар бүгін Астраханьда екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан және Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VIII форумы ашылады. Онда трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларда бірлесе әрекет ету мәселесі талқыланады.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII форумы былтыр Өскеменде өткен еді.