Accessibility links

Сирия сыртқы істер министрі шет мемлекеттерді айыптады


Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем. Дамаск, Сирия, 22 маусым 2011 ж.
Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем. Дамаск, Сирия, 22 маусым 2011 ж.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем өз отанындағы "тәртіпсіздіктерге дем беріп отыр" деп шет мемлекеттерді, солардың ішінде батыс елдерін айыптады.

Ол Сирия президенті Башар Асад уәде еткен демократиялық реформаларды іске асыруға наразылық акцияларына қатысушыларды "өз мақсаттарына пайдаланып отырған қарулы бүлікшілер кедергі келтіріп" отырғанын айтып, билік оппозициямен диалог өткізуге дайын деп мәлімдеді.

Соңғы айларда Сирияда президент Башар Асадтың биліктен кетуін талап етушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстар салдарынан, БҰҰ деректері бойынша, 2,5 мыңнан астам адам қаза болған.

АҚШ пен Еуропа одағы Сирия билігінен елде зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етіп, Дамаскіге қарсы санкциялар жариялады.
XS
SM
MD
LG