Accessibility links

Йемен президенті оппозицияның сайлауға қатысқанын қаламайды


Йемен президенті Әли Абдулла Салехтің ұлттық телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. 25 қыркүйек 2011 жыл.
Йемен президенті Әли Абдулла Салехтің ұлттық телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. 25 қыркүйек 2011 жыл.
Егер Йеменде оппозиция сайлауға қатысатын болса, онда президент Әли Абдулла Салех биліктен кетпейді. Америкалық «Тайм» және «Вашингтон пост» басылымдарына берген сұқбатында президент Салех осылай деп мәлімдеген.

Ол өзі президент қызметінен кеткен жағдайда оппозицияның билікке келуін «мемлекеттік төңкеріске» балады.

Мемлекетті 33 жыл бойы үздіксіз басқарып отырған Әли Абдулла Салех үш ай Сауд Арабиясында емделіп, қыркүйектің 23-і күні отанына оралды. Ол биыл маусым айында Санадағы резиденциясына жасалған шабуылда жараланған еді.

Биыл қаңтардың соңында Йеменде саяси дағдарыс басталғаннан бері Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің елдегі билікті бейбіт жолмен тапсыру туралы бірнеше мәрте білдірген ұсынысын президент Салех қабылдамай қойды.
XS
SM
MD
LG