Медицина саласындағы Нобель сыйлығы үш ғалым - америкалық Брюс Бётлер, канадалық Ральф Штейнман және люксембургтық Жюль Хоффманға берілді. Бұл туралы бүгін Стокгольмде Каролин медицина институты жанындағы Нобель сыйлығын тағайындау жөніндегі комитет жариялады.
Ғалымдар бұл сыйлыққа туа біткен иммундық жүйеге қатысты жүргізген зерттеулері үшін ие болды.
Олар Нобель сыйлығы иегеріне берілетін 10 миллион швед кроны (1,4 миллион доллар) көлеміндегі ақшалай жүлдені өзара бөліседі. Үш ғалымға Нобель сыйлығы желтоқсанның 10-ы күні Стокгольмде салтанатты жағдайда табыс етіледі.