Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы бүгін президент баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл заңды қолдаушылардың айтуынша, ол діни экстремизммен күресуге көмектеседі. Ал «Фридом Хаус» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін бұл заңды мақұлдамауға шақырған болатын. Аталмыш ұйым дін туралы жаңа заңның қазақстандықтардың діни бостандығын шектейтіндігін айтып, алаңдаушылық білдірген еді.