Accessibility links

Ресейде тұтқын әйелдерді ұрып-соғу жазылған видео бойынша іс қозғалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің Амур облысындағы қоныстану колонияларының бірінде сотталған әйелдерді ұрып-соғу сәті жазылған видео бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс қызмет бабын асыра пайдалану кезінде күш қолдану бабы бойынша қозғалған, алайда видеодағы іс-әрекеттерді жасаған күдіктінің кім екендігі әзір анықталған жоқ деп хабарлады тергеушілер.

Бұған дейін интернетте YouTube сайтында жарияланған бірнеше видеожазбада сот жазасын өтеу мекемесі қызметкерінің киімін киген бір ер адамның абақтыға ұқсас бөлме ішінде әйелдерге әлімжеттік жасағаны көрсетілген. Парақшадағы түсініктеме жазуда, бұл оқиға Амур облысындағы №4 қоныстану мекемесінің айыптыларды қамайтын абақтысында түсірілгені айтылған.

Осы видеожазбаға байланысты жүргізілген тексеру нәтижесінде ресейлік тергеу орындары қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG